Батыс Қазақстан облысының «Құрметті азаматы» атағымен марапатталды

Батыс Қазақстан облысының «Құрметті азаматы» атағымен марапатталды

12.03.2025 Off By Администрация сайта

2025 жылы 12 наурыз күні Батыс Қазақстан облысы мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы №16-12 «Батыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы шешіміне сәйкес, Батыс Қазақстан облысының әкімі Төреғалиев Нариман Қазақстан Республикасының мемлекеттік және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінде бірнеше жыл қызмет атқарған, «Құрмет», «Парасат», «Достық» ордендерінің иегері, «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық Кәсіподағының төрағасы, Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік – экономикалық, гуманитарлық – мәдени дамуына үлесін қосқаны үшін Жакыпов Мирболат Хабиұлын Батыс Қазақстан облысының «Құрметті азаматы» атағымен марапаттады.

«Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық Кәсіподағы атынан Жакыпов Мирболат Хабиұлын Батыс Қазақстан облысының «Құрметті азаматы» атағы марапатымен құттықтаймыз.