
Әлеуметтік әріптестің еңбегі бағаланған кездесу өтті
11.03.2025ҚРКФ-ның «Қалың қалай бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағының мүшелік ұйымы – Қаратау ауданы әкімі аппаратының «Қаратау» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кездесу өткізілді.
Бүгінде мекеменің кәсіподақ мүшелерінің саны 328-ге жетіп, Шымкент қаласының көркеюіне үлкен үлес қосып келеді.
Бұл мекемедегі жұмыскерлер мен қызметкерлердің ынтымағы мен бірлігінің ұйытқысы болып жүрген мекеменің басшысы – жұмыс берушісі Аян Қайратұлы Тоғызбаевтың еңбегі орасан.
Осыған байланысты «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалы тарапынан оны 2023-2024 жылдардың қорытындыларымен «Үздік әлеуметтік әріптес» деп бағалап, филиал төрағасы Серік Әуесханов «Қаратау» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Аян Тоғызбаевқа «Еңбек озаты» төс белгісін табыстады. Әрине, бұл жұмыс беруші мен кәсіподақ ұйымының өзара сыйластықпен, ынтымақпен жұмыс жасауы мен қабылданған ұжымдық шарттың мақсатты және дұрыс жүзеге асуының нәтижесі.
Ынтымағы ұйыған ұжымның жұмысына сәттіліктер тілейміз!
