Қаржы саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Қаржы саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

11.03.2025 Off By Администрация сайта

«Қалың қалай бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы – «Шымкент қаласының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерімен кездесу өткізіліп, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов пен басқарма басшысы Руслан Бақытбекұлы Бақтыбаев ұжымдағы қызметкер әйелдер мен қыздарды «8 наурыз -Халықаралық әйелдер күні» мерекесімен құттықтап, оларға кәсіподақ филиалының наградаларын және басқарманың жігіттері атынан сый-сыяпаттарын табыстады.

Атап айтқанда, «Еңбек озаты» төсбелгілерімен: басқарма басшысының орынбасары Мейірова Әлия Қуанышқызы және бөлім басшысы Бикеева Шолпан Сабенқызы, «Құрмет грамоталарымен»: бөлім басшылары Серікбаева Айнұр Қазыханқызы мен Нысанбаева Замира Тастанқызы және бас маманы Сапарова Нүрия Әбдімәлікқызы, «Алғыс хаттарымен»: бөлім басшылары Сапарбекова Бақытгүл Сейдрахымқызы, Садықова Айгүл Смайылқызы, Мәуленқұлова Айгүл Әлішерқызы және бас мамандары Игисинова Дана Әбілқасымқызы, Оңғар Сымбат Нұрғалиқызы, Тоқсейітова Анар Әбубекқызы, Мейірман Ақмарал Әбдәшімқызы, Сүлейменова Зүлпия Тастанқызы, Сүлейменова Гүлнар Бостанқызы марапатталды.