
Атқарылған жұмыстың қорытындысы шығарылып, міндеттері анықталды
31.01.2025
Ағымдағы жылдың 31 қаңтарында елордалық Филиал
«Қызмет» салалық кәсіподақ филиалының 2024 жылдың атқарылған жұмыс
қорытындысы және 2025 жылға арналған міндеттері бойынша есептік конференция
өткізді.
Оған «Қызмет» салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыпов, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен кәсіподақ белсенділері қатысты.

Мирболат Жақыпов кәсіподақ жетекшілері мен белсенділерінің кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауға қосқан елеулі үлесін атап өтті.
Ол «Қызмет» салалық кәсіподағы бүгінде 102 мыңнан астам кәсіподақ мүшелерін біріктіретінін тілге тиек етті. Салалық кәсіподақ кәсіподақ қызметкерлерінің еңбегі мен бастауыш кәсіподақ төрағаларының елеулі жұмысының арқасында облыс және республика деңгейінде берік беделге ие болып отыр.
«Орталық Кеңестің атынан Сіздерге және біздің барлық әріптестерімізге еңбек ұжымдарында атқарған игі істеріңіз үшін үлкен алғыс айтамын!»,- деді Мирболат Жақыпов.
Филиалдың 2024 жылғы қызметі және 2025 жылға арналған міндеттері туралы «Қызмет» салалық кәсіподақ филиалының төрағасы Атақозы Нұрланов баяндама жасады.

Атақозы Нұрланов өз сөзінде 2024 жылы Филиалда әлеуметтік әріптестік тетіктері арқылы қызметкерлерді қолдау шараларын кеңейту, санаторлық сауықтыру жүйеге жаңа тәсілдерді енгізу, кең ауқымды әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды өткізуді қамтитын көп бағытты іс-шаралар кешені жүзеге асырылғанын атап өтті.
Филиалдың 2024 жылға арналған жұмыс жоспарында бекітілген барлық іс-шаралар толық көлемде және белгіленген мерзімде орындалды, филиал мен бастауыш кәсіподақ ұйымдары түрлі іс-шаралар, соның ішінде кәсіби мерекелерге арналған іс-шаралар өткізді.
Кәсіподақ мүшелерін көтермелемеп, ынталандырмайынша кәсіподақ жұмысын ұйымдастыру мүмкін емес. 2024 жылы жалпы алғанда Филиал 150-ден астам кәсіподақ мүшелерін ынталандырды, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен белсенділері арасынан 40 адам кәсіподақ көшбасшысы мектебінде оқудан өтті, филиалда санаторийде жеңілдікті жолдамалар беруге өтінімдерді ресімдеу алгоритмі әзірленді және санаторий-курорттық емделуге жеңілдікті сертификаттары тапсырылды.

Сондай-ақ, Атақозы Нұрланов айтуынша, кәсіподақ мүшелерін, оның ішінде бастауыш кәсіподақ ұйымдары қызметінің нәтижелері мен міндеттері туралы ақпаратпен уақытылы хабардар ету маңызды.
«Қызмет» салалық кәсіподағының сайтында жұмыстың барлық бағыттары бойынша жаңалықтар жарияланады.
Сөзінің соңында Атақозы Нұрланов ағымдағы жылға арналған негізгі міндеттерді атап өтті. Сондай-ақ, есептік конференцияда 2024 жылғы бюджетті бекітіп, 2025 жылға арналған бюджетті қабылдау, филиалдың штат кестесін бекіту туралы негізгі мәселелер қаралды.
Бұдан басқа, «Қызмет» салалық кәсіподағының кезекті XII съезіне делегаттар сайланды, кәсіподақтың ағымдағы және алдағы міндеттерін тиімді шешу үшін Филиалдың Атқару Комитеті мен тексеру комиссиясының құрамын жаңарту сынды мәселелер талқыланды..
Есеп беру конференциясын өткізу барысында қатысушылар ағымдағы жағдайды бағалау бойынша пікір алмасты. Отырыс қорытындысы бойынша ұсыныстар мен ескертулерді ескере отырып, тиісті қаулылар қабылданды.
Конференцияның екінші бөлімінде конференцияға қатысушылар үшін ҚРКФ оқу орталығының директоры Ләззат Есжанова «Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының ұйымдастыру жұмысы және іс қағаздарын жүргізу» тақырыбында оқыту өткізді.
Соңында кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан үлесі үшін кәсіподақ белсенділерін марапаттау рәсімі өтті.