
Қызмет» салалық кәсіподағының Атқару Комитетінің отырысы өтті
29.01.2025
2025 жылғы
29 қаңтарда
«Қызмет» салалық кәсіподағының
атқару комитетінің кезекті
отырысы өтті.
Салалық кәсіподақ төрағасы Мирболат Жақыпов бастаған атқару комитетінің мүшелері күн тәртібіне қойылған бірқатар мәселелерді талқылады: –

«Қызмет» салалық кәсіподағының 2025 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспары туралы;
– «Қызмет «мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ 2024 жылғы бюджетінің орындалуы және Орталық Кеңестің 2025 жылға арналған бюджетін бекіту туралы есеп;
– «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы » ҚБ Орталық кеңесінің кеңейтілген отырысын шақыру туралы.
Отырыс барысында атқару комитетінің мүшелері ағымдағы жағдайды бағалау бойынша пікір алмасты. Отырыс қорытындысы бойынша Атқару Комитеті мүшелерінің ұсыныстары мен ескертулерін ескере отырып, тиісті қаулылар қабылданды.