Сенат депутаттарымен кедесуде берілген ұсыныстар

Сенат депутаттарымен кедесуде берілген ұсыныстар

31.12.2024 Off By Администрация сайта


2024 жыл 27 желтоқсан күні Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығында Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаттары, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров пен Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Айгүл Жарылқасынқызы Қапбарованың қатысуымен кәсіподақтар активімен және кәсіподақ ардагерлерімен кездесуі өтті.

Кездесуде «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының» төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы бірқатар ұсыныстарын айтты:

  1. Үкіметтің қаулысына сәйкес бюджеттік мекемелердегі азаматтық қызметшілерге еңбек демалысына шыққан кезде, оларға денсаулығын сауықтыру бойынша бір айлық жалақы көлемінде жәрдемақы беріледі, Ал, бірақ соның ішіндегі санаулы мамандарға берілмеуде, мысалы: еден жуушы, күзетші, тағы сол сияқты бірқатар кіші қызметкерлер тізімге енбей қалған.
    Салалық келісімнің жасалғанына екі жылдың жүзі болса да, оларға әлі күнге осы жәрдемақыны беру туралы Үкіметтің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілмей келеді.
    Осы әлеуметтік теңсіздікті орнына келтіруді өтінді.
  2. Мемлекеттік басқару жүйесі бойынша Шымкент қаласының мегаполис статусына ие болғанымен басқару жүйесі ескі жүйеде қалып отыр.
    Осыған байланысты Шымкент қаласының аудан әкімдіктерінде дербес бөлімдер ашып, әр аудандағы мәселені тиісті аудан әкімдерінің шешу мүмкіндігін берудің құрылымдық жүйесін ретке келтіру қажеттігін ұсынды.
    Сол кезде халықтың мәселелерін тездетіп шешуге мүмкіндіктері молая түсері анық екендігін ерекше атап өтті.