Үздік әлеуметтік әріптес

Үздік әлеуметтік әріптес

30.12.2024 Off By Администрация сайта

Әлеуметтік әріптестік – қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешудің маңызды және тиімді механизмі. Ол қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етіп, әлеуметтік қызметтердің сапасын арттырады. Тараптар арасындағы ынтымақтастықты нығайту және мүдделерді бірлесіп шешу арқылы әлеуметтік әріптестік еліміздің әлеуметтік дамуына үлкен үлес қосады.

Алматы қаласы бойынша «Қызмет» салалық кәсіподағы әлеуметтік қызметтерді жақсарту мақсатында, әлеуметтік әріптестерімен бірлесіп жұмыс атқаруда. Кәсіподақ – жұмысшы мен жұмыс берушінің байланысын реттеп, нығайтуға көмектесетін әлеуметтік әріптестердің бірі. Алматы қаласы бойынша «Қызмет» салалық кәсіподағының үздік әріптестерінің бірі ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрлігі Ғылым комитетінің «Философия, саясаттану және дінтану институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. Орталық мамандары жуырда ғана әлеуметтану саласындағы жетекші қазақстандық мамандармен бірге, сондай-ақ Түркітілдес елдердің әріптестері Қазақстан әлеуметтанушыларының сегізінші конгресіне қатысып, өз біліктіліктерін арттырған болатын. «Философия, саясаттану және дінтану институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жұмысшыларына ыңғайлы жағдай жасаумен қатар, кәсіподақпен тығыз байланыста және әрдайым жаңа бастамаларды қолдап отырады.

Осыған орай, Қазақстан Кәсіподақтар күні қарсаңында орталық директоры Серік Тұрарұлы Сейдумановқа Салалық кәсіподақтың «Үздік әлеуметтік әріптес» медалі табысталды. Сонымен қатар, кәсіподақ жұмысына белсене қатысқаны, жауапты көзқарасы және кәсіподақ ұйымын ашуға қолдау көрсеткені үшін «Философия, саясаттану және дінтану институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас директорының орынбасары Үлес Мадиярұлы Нысанбек Салалық кәсіподақтың «Құрмет» грамотасымен марапатталды.
Әлеуметтік әріптестік – қазіргі қоғамның дамуында маңызды рөл атқаратын концепция. Осы жолда атқарылған жұмыстарыңыз бен жоғарғы кәсібиліктеріңізге алғыс айтамыз!