«Баланың жүзіне күлкі сыйлау – жүрекке нұр себу»!
30.12.2024Жаңа жылдың көңілді сәттері біріншіден балаларға көңілді күй сыйлаудан басталады. Жыл сайынғы дәстүр бойынша “Қызмет” салалық кәсіподағы Алматы қалалық филиалы бастауыш ұйымдарда кәсіподақ мүшелерінің балаларына Жаңа жылдық шырша ұйымдастырады, биыл көңілді мереке Республикалық жедел құтқару жасағы мекемесінде өтті. Арнайы шақырылған қойылымда Буратина, Мальвина, Қоңыр Аю, қояндар мен аяз бен қардан бейхабар Африканың кейіпкерлері, қорқынышты Салливан өз рөлдерін нақышына келтіріп, бүлдіршіндерге көңілді билер, танымдық ойындар ұсынды.
Әртістердің қойылымының қызықтығы сонша, ұжымдағы ата аналар да бірге қосылып, Аяз ата мен Ақша қармен бірге ойнады. Барлығы жақсы көңіл күймен, “Қызмет” кәсіподағына алғысын жаудыра тарқасты.