Қала әкімдігінің қызметкерлері марапатталды

Қала әкімдігінің қызметкерлері марапатталды

26.12.2024 Off By Администрация сайта

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов және Шымкент қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Асылан Келімбетов қала әкімдігінің кәсіподақ мүшелерін «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесімен құттықтап, қала әкімі аппаратының бірқатар белсенді қызметкерлеріне салалық кәсіподақтың наградаларын табыстады.

Атап айтқанда, «Еңбек озаты» төс белгісімен Шымкент қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімінің басшысы Сәуле Тұрәліқызы Сағындықова мен құқық қорғау жүйесі бөлімінің басшысы Нұрдәулет Берікұлы Әліпбаев, «Құрмет грамотасымен» зкономикалық саланы мониторингілеу бөлімінің басшысы Саят Жолбарысұлы Тілеуов пен инфрақұрылымды мониторингілеу бөлімінің басшысы Айбек Жақыпұлы Нұрмаханов, сондай-ақ «Алғыс хатпен» бірыңғай персоналды басқару қызметінің бас иснпекторы Дастан Нармаханбетұлы Мусаев, қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы Құралай Құралбекқызы Игембаева және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Маржан Рысбайқызы Алданазарова марапатталды.