Еңбекші әйелдер комиссиясының отырысы өтті

Еңбекші әйелдер комиссиясының отырысы өтті

12.12.2024 Off By Администрация сайта

«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында Ақтөбе облысының кәсіподақтар орталығы жанындағы Еңбекші әйелдер комиссиясының отырысы өтті.
Комиссияға «Қызмет» салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы Мұхтарита Сағындықова төрағалық етті.
Комиссия жұмысына облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, облыстық мешіттің наиб имамы, салалық кәсіподақтар мүшелері қатысты.


Отырыста дін өкілдері, психологтар, қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, облысымыздағы зорлық-зомбылық мәселесі, олардың себептері, алдын-алу шаралары туралы сөз қозғады.
Бұл мәселенің соңғы кезеңде елімізде өте өзекті болып тұрғандығы белгілі. Өкінішке орай, биылғы жылы облыстағы зорлық-зомбылық қылмыстары өткен жылмен салыстырғанда бес есеге артып, 4 адамның өлімімен аяқталған.