Білім саласының кәсіподақ мүшелерімен өткен кездесу

Білім саласының кәсіподақ мүшелерімен өткен кездесу

12.12.2024 Off By Администрация сайта


Жоспарға сәйкес, «Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағының мүшелік ұйымы – «М.Окороков атындағы №11 жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы және мектеп директоры Калменов Манақбай Қыдырәліұлы мен кәсіподақ төрағасы Мадатов Болат Жамалұлы бірге ұжыммен кездесу өткізіп, олардың жұмыстарымен және кәсіподақ мүшелерінің қал-жағдайларымен танысты.

Қорытынды жиында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы ұжым мүшелерін «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесімен құттықтап, ұжымның бірнеше кәсіподақ мүшелеріне кәсіподақ наградаларын табыстады.

Атап айтқанда, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төс белгілерімен мектеп директорының шаруа ісі жөніндегі орынбасары Жұманов Сағындық Мыңбайұлы және бастауыш сынып мұғалімі Қожахметова Асида Арысбайқызы, филиалдың «Құрмет грамоталарымен» бастауыш сынып мұғалімі Шыныбекова Оңласын Пердешқызы, математика пәні мұғалімі Мұсаханова Арапкүл Қыдырбайқызы, орыс тілі және әдебиет пәні мұғалімі Тәжімбетова Ұлжан Тілеубайқызы, сондай-ақ филиалдың «Алғыс хаттарымен» еден жуушылар Жұпарбаева Ұлбосын Пернеқұлқызы мен Рахым Тіллә Өнерқызы, көркем еңбек пәні мұғалімі Көмекова Махаббат Сабырқызы марапатталды.

Жиын соңында мектеп директоры Манақбай Қыдырәліұлы «Қызмет» салалық кәсіподағының атына алғысын айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.