«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы өтуде

«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы өтуде

02.12.2024 Off By Администрация сайта

2024 жылдың 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Қазақстанда «Зорлық- зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы бастау алды.
Осыған орай Шардара аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де аудан көлемінде пресс-конференция өтті.
Оған аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев, аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Шералы Әділханұлы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жанындағы «Қамқорлық » қолдау орталығының басшысы Исатай Әділхан, «Қызмет» салалық кәсіподағының Шардара аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Биманова Бахыткүл, прокуратура өкілдері мен жастар және БАҚ өкілдері қатысты.

Акцияның мақсаты : тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және қоғамда отбасының рөлін нығайту.
Акцияның мақсатын түсіндіріп өткен Б.Шомпиев алғашқы сөзді полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Шералы Әділханұлына берді.
Қазіргі таңда қоғамда тұрмыстық қатынастағы зорлық-зомбылық кеңінен талқыланып жатқанын, 2023 жылы 1 шілдеден бастап отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған құқық бұзушылықтарға жауапкершіліктің күшейтілгенін, полиция тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеудің өтініш беру түрінен анықтау сипатына көшкенін, яғни құқық бұзушыны жәбірленушілердің арызынсыз жасалу фактісі бойынша жауапқа тартуына мүмкіндік берілгендігін атап өтті.
Отырыс барысында баяндама оқылып біткен соң, сұрақ-жауап, ұсыныстар айтылды.
Пресс-конференцияны қорытындылаған Бауыржан Қуанышбайұлы отбасы шағын мемлекет екенін, оның шаңырағының шайқалмауына, бейкүнә сәбилердің жаутаңдап қалмауына, зорлық-зомбылықтың алдының алынуына үлесін қосу әрбір азаматтық міндеті болуы керектігін айтты.