Жаңа ұжымға ақпараттық көмек
02.12.2024Осыған дейін “Қызмет” салалық кәсіподағы Алматы қаласы бойынша филиалына “Сенім” әлеуметтік қызмет орталығы бірлесіп жұмыс жасау бойынша келісімге қол қойғанын хабарлаған болатынбыз. Ал күні кеше бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасы Райхан Жолдасқызы Сарыбаева мен “Қызмет” салалық кәсіподағы Алматы қаласы бойынша филиалының төрайымы Данагүл Мұхамедкерімқызы бірнеше ұйым мүшелерімен бірге алдағы атқарылатын жұмыстар бойынша жоспар құрып, жаңа ұйымға ақпаратты методикалық көмек көрсетілді.Кездесу барысында бастауыш ұйымдағы мәселелерде назардан тыс қалмады.
“Сенім” әлеуметтік қызмет орталығы ұжымында ерекше қажеттіліктері бар мүгедек балалар тұратын және тәрбиеленетін (ақыл-ой кемістігі, церебральды сал ауруы және т.б.) әлеуметтік салада жұмыс істейтін мұғалімдердің сағаттық жүктемесі мәселесі бар екендігі анықталып, алдағы күндері “Қызмет” салалық кәсіподағы ең алдымен осы мәселені шешу бойынша бірлесе жұмыс атқаратындығы айтылды.