
Кәсіподақ әйелдеріне арналған тренинг
27.11.2024«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағының облыстық филиалы мен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Зорлық-зомбылықтың психологиялық салдары және оны жеңі жолдары» тақырыбында тренинг өтті.
Тренингке салалық кәсіподақтың бастауыш ұйым төрайымдары мен мүшелері қатысты.

Академия филиалы мамандары тренинг қатысушыларына түрлі ситуациялық ойындар мен жаттығулар өткізіп, зорлық-зомбылық орын алған жағдайда адамның өзін-өзі ұстау техникаларын үйретті.
Өткізілген тренинг қатысушылар тарапынан үлкен қолдауға ие болып, осындай ресми емес шаралардың жиі өткізілуі туралы ұсыныстарын білдірді.
