«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының ІІ-ші есеп беру – сайлау конференциясы өтті

«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының ІІ-ші есеп беру – сайлау конференциясы өтті

21.11.2024 Off By Администрация сайта


Конференция басталуының алдында делегаттар мен қатысушылар бірге, хормен «Кәсіподақ – қамқоршым» әнін айтудан бастап, филиалдың атқарған жұмыстары бойынша кәсіподақ ролигін тамашалады және салтанатты ашылуында Қазақстан Республикасының гимні орындалды.


Конференцияға сайланған делегаттар мен арнайы шақырылғандар мекемелер басшылары, тағы басқалар қатысты.
Сонымен бірге конференцияға «Қызмет» салалық кәсіподағының төрағасы Жақыпов Мирболат Хабиұлы, Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысының орынбасары Асанбаев Бағлан Бағдатұлы, «Қызмет» салалық кәсіподағы төрағасының орынбасары – Астана қалалық филиалының төрағасы Нұрланов Атақозы Келденұлы, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Құрманбек Жарқымбек Айдарбекұлы қатысты.


«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов пен тексеру комиссиясының төрағасы Ержан Бакиров 2020-2024 жылдар аралығында атқарған жұмыстарына және жұмсалған қаржылары бойынша есеп беріп, өз сөздерінде: «56 мекемеден бастауыш кәсіподақ ұйымдары ашылып, жалпы ұйым саны 66-ға, ал олардағы кәсіподақ мүшелерінің саны 5,0 мың адамға жеткен.
Мекемелердің жұмыс берушілері мен жұмыскерлері, қызметкерлері атынан кәсіподақ ұйымдарының арасында ұжымдық шарттар қабылданып, олар Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінен тіркеуден өткен және филиал құрамындағы мүшелік ұйымдарда есепті мерзім ішінде жазатайым оқиғалары орын алмаған, жарақат алғандар мен жұмыскерлер алдындағы жалақы қарыздары жоқ. Сондай-ақ, әлеуметтік шиеленіс туу мүмкін мекемелер жоқ.
Есепті мерзім ішінде кәсіподақ бюджеті 66,5 млн. теңгеге артқан, ал жоспарлы болжам бойынша осы жылды 90,0 млн. теңгемен аяқтап, бұйырса бес жылдағы бюджет көрсеткіші 82,2 млн. теңгеге артады деп күтілуде.
Кәсіподақ мүшелерінің шипажайларда демалуын ұйымдастыру бойынша 42 жолдама беріліп, 3 млн. 782 мың теңгеге жеңілдіктер берілген.
Бұдан бөлек, кәсіподақ мүшелеріне 1 млн. 364 мың тегеге қаржылай қайырымдылық, әлеуметтік-материалдық көмектері де берілген.
Салауатты өмір салтын насихаттау арқылы кәсіподақ мүшелерінің денсаулықтарын сауықтыру мақсатында 2023-2024 жылдары қалалық спартакиада өткізіліп, оған 1000-ға жуық кәсіподақ мүшелері қатысқан.
2023 жылы спартакиаданың 7 спорт түрінен 27 сыйлық тағайындалып, жеңімпаздарға 540,0 мың теңге қаржылай сыйақылар мен дипломдар, ал 2024 жылы спартакиаданың 8 спорт түрінен 14 сыйлық тағайындалып, жеңімпаздарға 600,0 мың теңге қаржылай сыйақылар мен дипломдар табысталған.
Кәсіподақ жұмыстарын дамытудың бір жолы – кәсіподақ ұйымдары арасында байқаулар ұйымдастыру және өткізу.
Осы мақсатта «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы – 2021» байқауы өткізіліп, байқау жеңімпазы болып Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы және «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы – 2022» байқауы өткізіліп, байқау жеңімпазы болып Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты, ал «2023 жылдың үздік филиалы» республикалық конкурсында Шымкент қалалық филиалы «Тез дамып келе жатқан филиал» номинациясын иеленген.
Есепті мерзім ішінде «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында мүшелік ұйымдарда 306 кездесу өткізіліп, оған 16784 адам қамтылған.
Нәтижесінде, филиал қызметкерлері мекемелердің кәсіподақ мүшелерін, ал кәсіподақ мүшелері филиал қызметкерлерін жақыннан танып, бір ұжымның, бір үйдің баласындай бір-біріне деген нық сенім пайда болған.
Кәсіподақ қозғалысының дамуы, жұмысының алға басуы – кәсіподақ мүшелерін моралдық және материалдық ынталандыруына да байланысты екені белгілі. Ол бойынша есепте кезеңде жалпы 1360 адамға моралдық және материалдық ынталандыру жасалған.
Атқарылған жұмыстар жүйелі түрде әлеуметтік желілерге жарияланып, газеттер редакцияларына жолданып, мониторинг бойынша 1000-нан аса мақалалар жарық көрген.», – деп баяндамаларда атап өтті.
Конференция жұмысында хатшылық, редакциялық комиссия, санақ комиссиясы және мандат комиссиясы міндеттеріне сәйкес өз жұмыстарын жасап, мерзімді хабарламалар жасап отырды.
Конференцияда «Қызмет» салалық кәсіподағының төрағасы Жақыпов Мирболат Хабиұлы, Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысының орынбасары Асанбаев Бағлан Бағдатұлы кіріспе сөз сөйлеп, жарыс сөзге шыққан Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары, аудан әкімі аппаратының кәсіподақ төрағасы Марат Тажибаев, Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Бибігүл Сапаралықызы Ахметова және Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің бас бухгалтері, кәсіподақ төрайымы Камиля Ералықызы Байтулешова филиал мен тексеру комиссиясының жұмыстарына оң баға беріп, бекіту бойынша өз ұсыныстарын жасады.
Нәтижесі бойынша делегаттар бірауыздан Шымкент қалалық филиалының 2020-2024 жылдар аралығында атқарған жұмыстарына «қанағаттанарлық» деген оң бағасын беріп, тексеру комиссиясының есебі бекітіліп, қайта сайлау өтіп, кәсіподақ филиалының төрағасы болып Әуесханов Серік Елемесұлы, ал тексеру комиссиясының төрағасы болып Бакиров Ержан Қамшыбекұлы бірауыздан қайта сайланды.

Сондай-ақ, қалалық Кеңестің және Атқару Комитетінің жаңа құрамдары бекітіліп, «Қызмет» салалық кәсіподағының XII-съезіне 3 адам делегат болып сайланды.
Алдағы істеріне сәттілік тілейміз!