Абай облысы бойынша филиалының есеп-беру сайлау конференциясы өтті

Абай облысы бойынша филиалының есеп-беру сайлау конференциясы өтті

04.11.2024 Off By Администрация сайта

2024 жылдың 1 қарашасында сағат 11.00-де «ҚЫЗМЕТ» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Абай облысы бойынша филиалының (бұдан әрі Кәсіподақ) І  есеп-беру сайлау конференциясы өткізілді.

Конференцияға, сайланған 38 делегаттың 30-ы қатысты, сонымен қатар, шақырылған қонақтар «ҚЫЗМЕТ» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы – Мирболат Хабиұлы ЖАҚЫПОВ, Абай облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары – Назерке Мәулетқызы Аққожина, Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде кәсіподақ ұйымының төрағасы  – Бауыржан Хамзаұлы Абдулхамитов қатысты.

Конференцияның күн тәртібінде бекітілген 7 мәселе қарастырылды (кәсіподақ бірлестігінің 2019-2024 жылдарда жасаған жұмысы бойынша есеп; тексеру комиссиясының есебі; кәсіподақтың Абай облысы бойынша филиалының төрағасын сайлау; тексеру комиссиясының мүшелерін сайлау; Атқару комитеті мүшелерін сайлау; Съезд делегатын сайлау; Кәсіподақ қоғамдық бірлестігінің өтетін Съезінде Мирболат Хабиұлы Жақыповтың кандидатурасын төрағалыққа ұсыну).

Конференция барысында барлық сұрақтар бойынша шешімдер, делегаттардың дауыс беруі арқылы қарастырылып, қаулы қабылданды. Делегаттардың бірауыздан дауыс беруінің нәтижесінде Кәсіподақ қоғамдық бірлестігінің өтетін Съезінде Мирболат Хабиұлы Жақыповтың кандидатурасын төрағалыққа ұсыну туралы қаулы қабылданды, «ҚЫЗМЕТ» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Абай облысы бойынша филиалының төрағасы болып -Дариға Абайқызы сайланып қана қоймай, бірауыздан кәсіподақтың съезіне де делегат болып сайланды.

Кәсіподақтың Абай облысы бойынша филиалының жұмысы «Қанағаттанарлық» деп танылды. Тексеру комиссиясы өз кезегінде Кәсіподақтың Абай облысы бойынша филиалының 2019 жылдан бері атқарған  жұмысына оң баға беріп, қызмет барысында ешқандай бұзушылықтар болмағанын атап өтті.

Бірнеше медальдар мен Мемлекеттік марапаттар иегері, сонымен қатар  барлық мемлекеттік органдарда электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін енгізген адам – Мирболат Хабиұлы ЖАҚЫПОВ Кәсіподақтың шығу тарихы туралы біршама мағлұматтармен бөлісіп, Кәсіподақ қызметінің ерекшеліктері мен маңыздылығына тоқталып өтті.

Конференция соңында салтанатты марапаттау сәтіне кезек жетіп, Кәсіподақ жұмысына белсене атсалысып, аянбай еңбек еткен тұлғалар мен кәсіподақ мүшелері медальдар мен төс белгі және құрмет грамоталарымен марапатталды.