Ұйымшыл ұжым

Ұйымшыл ұжым

29.10.2024 Off By Администрация сайта

Ұжым – бұл адамдардың ортақ мақсатқа жету үшін бірігіп жұмыс істейтін тобы. Ал ұйымшыл ұжым – бұл тиімділік пен үйлесімділіктің символы. Ұйымшылдық – тек жұмыс өнімділігін арттырып қана қоймай, сонымен қатар, қызметкерлер арасында мықты достық, өзара құрмет пен сенімділікті қалыптастырады

Алматы қаласы бойынша «Қызмет» салалық кәсіподағы құрамында ұйымшыл ұйым мүшелері аз емес. Мерекелік күндері «Қызмет» салалық кәсіподағы ұйымшылдығы ерекше «Парасат» әлеуметтік қызмет орталығын кәсіби мерекелерімен құттықтады. Үздіктер тізіміннен табылған Тасжанова Бахыт Мырзабайқызы – директор орынбасары «Әлеуметтік саланың үздігі» Салалық кәсіподақтың медаліне ие болды. Ал Игиликова Гүлнар Советқызы –әлеуметтік қызметкері Салалық кәсіподақтың «Құрмет» грамотасымен, Даденова Махаббат Әлімханқызы – әлеуметтік қызметкері Салалық Кәсіподақтың Алғыс хатымен, Белибаева Ыксан Ашимовна – әлеуметтік қызметкер, Кайранбаева Карлыгаш Айтакыновна – әлеуметтік қызметкері қалалық кәсіподақ ұйымының «Құрмет» грамотасымен марапатталды.

Ұйымшылдық – табыстың кілті, бұл әр қызметкердің жеке және кәсіби дамуында үлкен рөл атқарады. Өткізілген марапаттау кешінің жоғарғы деңгейде өтуі «Парасат» әлеуметтік қызмет орталығы қызметкерлерінің ұйымшыл ұжым екенін тағы бір мәрте дәлелдеді деп айтуға болады.