Қарттар – қоғамның алтын қазынасы!
29.10.2024Қарттар – қоғамның алтын қазынасы, олар өмірдің барлық кезеңдерінен өткен, тәжірибелер мен даналыққа толы адамдар. Біздің қоғамымызда қарттарға жылулық көрсету – тек моральдық міндет емес, сонымен қатар адамгершіліктің белгісі.
Бүгінде еліміздің 33 қариясына жылулық көрсетіп отырған «Қамқор» әлеуметтік үйін айтпай өту мүмкін емес. Мұнда адамгершілік пен мейірімділікке толы 71 қызметкер жұмыс жасайды.
Әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби мерекесі қарсаңында Алматы қаласы бойынша «Қызмет» салалық кәсіподағы «Қамқор» әлеуметтік үйіне арнайы келіп, үздік деп танылған Мусабаева Асем Кабылбековна – кадр меңгерушісі, Мухишева Айман Ахметжановна – әлеуметтік қызметкер, Ерсариева Ильмира Кажиновна – әлеуметтік қызметкер, Танекеева Кундыз Толеукызы – кір жуу машинистін қалалық кәсіподақ ұйымының «Құрмет» грамоталарымен, Мұсабаева Әсем Қабылбекқызы – кәсіподақ мүшесін Салалық кәсіподақтың «Құрмет» грамотасымен марапаттады. Алматы қаласы «Қамқор» Әлеуметтік үйі, кадр бөлімі маманы марапаттады. Сондай-ақ, «Қамқор» Әлеуметтік үйі директоры Тұманшиев Тұрарбек Мырзакімұлына «Әлеуметтік саланың үздігі» Салалық кәсіподақтың медалін табыстады.
Қарттарға жылулық көрсету – біздің қоғамымыздың жауапкершілігі. Әрбір адамның кішкене жылы сөз немесе көмек көрсетуі үлкен өзгерістерге алып келуі мүмкін.
Осындай маңызды жұмыспен айналысып жүрген, барша әлеуметтік қызметкерлерімізге алғыс білдіреміз!