Мейірімділік-қоғамды жақсартатын қасиет!

Мейірімділік-қоғамды жақсартатын қасиет!

28.10.2024 Off By Администрация сайта


Әлеуметтік қызметкерлердің ең басты қасиеттерінің бірі – мейірімділік. Олар тек кәсіби біліктілігімен емес, сондай-ақ адамның жүрегіне жол таба білумен ерекшеленеді. Әлеуметтік қызметкер – бұл адамдардың қиын сәттерінде қолдау көрсететін, оларға үміт сыйлайтын жан.
Осындай мейірімділік қасиет бойынан табылатын 131 қызметкер «Пана» әлеуметтік қызмет үйінде жұмыс жасайды. Алматы қаласы бойынша «Қызмет» салалық кәсіподағы «Пана» әлеуметтік қызмет үйіне келіп, мереке қарсаңында қоғамның жақсаруына ат салысып жүрген жандарды төл мерекесімен құттықтады.

Кездесу барысында орталықтың жұмысы мен әлеуметтік қызмет көрсету сапасы туралы жылы пікірлер айтылып, қызметкерлердің қажырлы еңбегі мен мейірімділігі ерекше атап өтілді. Нақтырақ айтсақ, шаруашылық меңгерушісі Сембаев Жанат Асимович – «Әлеуметтік саланың үздігі» Салалық кәсіподақтың медалімен, санитар – еден жуушы Шредер Екатерина Владимировна – Салалық кәсіподақтың «Құрмет» грамотасымен, түнеу бөлімінің меңгерушісі Сейпулданова Разия Балтабаевна – «Қызмет» салалық кәсіподағының «Құрмет» грамотасымен марапатталды.


Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз – адамдардың өмірін жақсартуға, оларға қолдау көрсетуге арналған адал қызмет. Осындай құнды қызметті атқарып отырғандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!