
Кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына арналған семинар өтті
28.10.2024
«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына арналған семинар-кеңес өткізілді.
Семинарды филиал төрағасы Серік Әуесханов ашып, жүргізіп отырды.

Семинарда бастауыш кәсіподақ ұйымдарында есеп беру-сайлау жиналыстарын өткізу, дайындық жасау және өткізілген жалпы жиналыстың құжаттарын рәсімдеу тәртіптері түсіндірілді.