Қазан айының соңғы жексенбісі 2011 жылдан бері Әлеуметтік қызметкерлер күні болып аталып келеді
24.10.2024Әлеуметтік қызметкерлер күні – бұл мұқтаж жанның мәселелерін ең бірінші өздеріне қабылдап, қолдан келгенше шешуге көмек көрсететін адамдардың мерекесі. Достық, ынтымақтың белгісі ретінде өтетін бұл күн – біз сөзбен ғана емес, іс жүзінде адамгершіліктің ең жақсы: адал ниеттілік, мейірімділік сияқты қасиеттерін көрсететін мейірбан қызмет өкілдерініің мерекесі.
Бүгінгі шара ерекше көңіл күй сыйлаған күн болып, ұзақ жыл бойы адал еңбегін әлеуметтік салаға арнаған “Аяла” әлеуметтік қызмет орталығында жалғасын тапты.