Алматы және Жетісу облыстарында есептік-сайлау конференциясы өткізілді
21.10.2024«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы М. Жақыпов Алматы, Жетісу облыстарына іссапармен барды.
Іссапар барысында Алматы облысының әкімі М. Сұлтанғазиевпен және Жетісу облысының әкімі Б. Исабаевпен қызметтік кездесу өткізді. Кездесу барысында өңірдегі кәсіподақ қозғалысы, салалық кәсіподақтың мүшелік құрамы, олардың саны, еңбектегі азаматтардың ахуалы жайлы сөз болды.
Сондай-ақ «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша филиалы кезекті ІІІ есеп-беру сайлау конференциясы өтті.
Саланың Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша III есеп беру-сайлау конференциясына қатысты:
1. «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы – Мирболат Хабиұлы Жақыпов;
2. «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, Астана қаласы бойынша филиалдың төрағасы – Атақозы Келденұлы Нұрланов;
3. «Алматы және Жетісу облыстарының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы – Әсет Серікқалиұлы Қыдырманов.
Конференцияға 35 делегат сайланып, 30-ы қатысты. Күн тәртібінде филилдың жұмысы туралы төрағаның және тексеру комиссиясының есептері тыңдалды.
«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша филиалының төрағасы мен орынбасары сайланды. Жаңа бес жылдық мерзімге бірауыздан Жақсылық Кахарман сайланды.
Филиалдың Тексеру комиссиясы мен Атқару комитеті мүшелерінің құрамы жаңартылды.
«Қызмет» салалық кәсіподағының өтетін Съезіне делегаттар сайланып, төрағалыққа М. Жақыповтың кандидатурасы ұсынылды.
Конференция барысында филиал белсенділеріне кәсіподақ наградалары табысталды.