Мерекелік тарту!

Мерекелік тарту!

10.10.2024 Off By Администрация сайта

10 қазан – Қазақстан кәсподақтар күні. Бұл күн еңбек адамының құқығын, әлеуметтік-экономикалық мүддесін қорғауға, лайықты жалақы мен қоғамда айрықша құрмет көрсетілуіне, жайлы жұмыс жағдайының болуына қызмет ететін, азаматтық қоғамның қозғаушы күші болған – кәсіподақтардың мерекесі. Алматы қалалық филиалының барлық ұйымдарында бұл күн аталып өтіп, кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан сүбелі еңбектеріне алғыс жарияланды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві – филиалымыздың ең белсенді ұйымдарының бірі. Осыған орай, аталған ұжымды кәсіподақтар күнімен құттықтауға филиал төрағасы Данагүл Айнақұлова келіп, ерекше сыйлықтар тарту етті. Кәсіподақ мүшелерінің көбінде кездесетін жұмыс барысындағы шаршау немесе ыңғайсыздық тудыратын жағдайлардың алдын алу үшін «Genau» неміс фирмасының инверсиялық үстелі мен кардио жаттығуларға арналған велотренажер сыйға тартылды. Қызметкерлер өз алғыстарын білдіріп, кәсіподақпен бірге және ынтымақтастықта екендігін жеткізді.