Кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғау басты назарда

Кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғау басты назарда

10.10.2024 Off By Администрация сайта

Кәсіподақ мүшелерінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытында белсенді жұмыстар атқару мақсатында «Қызмет» салалық кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалы мен ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі арасында өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.

Жалпы екі тарап бұған дейін де тығыз жұмыс жасап, өңіріміздегі адам, соның ішінде кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғау бағытында бірқатар шаралар ұйымдастырған болатын.
Ендігі кезекте бұл бағыттағы жұмыстарға ресми маңыз беріліп, меморандум арқылы бекітіліп, арнайы жұмыс жоспары негізінде жоспарлы жұмыстар атқарылатын болады.


Кәсіподақтар күніне арналған шарада меморандумға қол қойған филиал басшысы Мұхтарита Сағындықова мен өңірлік өкіл Ақалқа Байдуллина бұл келісімнің маңыздылығына тоқталып, алдағы уақытта кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғау жаңа деңгейде көтерілетіндігін атап өтті.