Осы жетістікпен тоқтамау керек!

Осы жетістікпен тоқтамау керек!

09.10.2024 Off By Администрация сайта

Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күнін мерекелеу қарсаңында еліміздің түкпір-түкпіріндегі филиалдар кәсіподақ мүшелерінің қатысуымен бірқатар салтанатты шаралар өткізуде.

9 қазанда «Қызмет» салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыпов ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесті.

Сапар барысында Мирболат Жақыпов Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевпен әңгімелесті.

Кездесу барысында тараптар әлеуметтік әріптестік деңгейін дамыту және Министрлік қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек құқықтарын тиімді қорғау жөнінде өзара ниет білдірді.

Тараптар қазіргі уақытта кәсіподақтар қызметі еңбекшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған азаматтық қоғамның маңызды институты болып табылатынына сенім білдірді.

Сондай-ақ, бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелеріне қоғамдық жұмысқа қосқан жеке үлесі үшін, әлеуметтік әріптестерге кәсіподақтармен өзара іс-қимылы және көпшілік игілігі үшін осы қызметтің қажеттілігін түсінгені үшін ризашылығын білдірді.

Министрліктің бірқатар қызметкерлеріне кәсіподақ жұмысына белсене қатысқаны үшін, көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсіби шеберлігі үшін және Кәсіподақтар күніне байланысты наградалар табыс етілді.

Салалық одақтың «Елеулі еңбегі үшін» медалі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Арманай Досымоваға тапсырылды.

«Өз ісінің маманы» медалі ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің заң департаменті директорының орынбасары Жұлдыз Әбілғазинаға берілді.

Сонымен қатар, құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етілді.

Салтанатты жиналыс барысында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Арманай Досымова 1,5 жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

Ұйымда тұрақты негізде қайырымдылық акциялары мен мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізіледі. «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында және  Балаларды қорғау күніне орай көмек көрсетіледі. Кәсіподақ мүшелері үшін ағылшын тілі курстары, түрлі оқыту тренингтері, семинарлар, спорттық іс-шаралар мен тимбилдингтер ұйымдастырылады.

Мирболат Жақыпов Министрліктің кәсіподақ комитетінің жұмысына жоғары баға беріп, Арманай Досымова мен кәсіподақ мүшелеріне қоғамдық қызметке қосқан үлесі үшін алғыс айтып, қол жеткізген жетістіктерімен тоқтамауға тілек білдірді.