Кәсіподақ күнін мерекелеу қарсаңында бастауыш кәсіподақ ұйымдарына бару игі дәстүрге айналды
07.10.2024Ағымдағы жылдың 7 қазанында «Қызмет» кәсіподағы елордалық филиалының төрағасы Атақозы Нұрланов «Астана қаласы әкімінің аппараты» ММ, «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мүшелерімен кездесті.
«Кәсіподақтардың қызметі еңбек ұжымдарының өмірімен тығыз байланысты. Кәсіби мереке қарсаңында әлеуметтік әріптестікті нығайтуға және Қазақстан Республикасының кәсіподақ қозғалысына қолдау көрсетуге қосқан елеулі үлесіңіз үшін әрқайсыңызға алғыс айтамын.Баршаңызға зор денсаулық, бақыт, отбасыларыңызға тыныштық пен бақ-береке, алдағы уақытта жұмыстарыңызға табыс тілеймін», – деп атап өтті Атақозы Нұрланов.
Сондай-ақ, Атақозы Нұрланов «Астана қаласы әкімінің аппараты» ММ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары Ғалымжан Амантайға және «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ төрағасы Илья Васильевич Скубқа әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан жеке үлесі және кәсіподақ мүшелігін арттыру бойынша белсенді жұмысы үшін алғысын білдірді.
Кездесулер барысында ерекше сіңірген еңбегі, ұзақ жыл табысты қызмет еткен, бірлікті нығайтып, кәсіподақ қозғалысын дамытқаны үшін кәсіподақ үздіктеріне марапаттар табыс етілді.
«Үздік әлеуметтiк әрiптес» медалiмен «Астана қаласы әкiмiнiң аппараты» ММ басшысы Даулат Ешкеев, «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ төрағасының орынбасары Айгүл Әбдуахитқызы Нұрекенова «Кәсіподақ қайраткері» медалімен марапатталды.
Айгүл Нұрекенованың 37 жылдық еңбек өтілі бар, осы жылдар ішінде әлеуметтік қорғау жүйесіннің түрлі учаскелерінде жұмыс істеген, кәсіподақ көшбасшысы және жас ұрпаққа тәлімгер болып табылады. Оның өмірлік ұраны «Өзіңді өзгерту арқылы өміріңді өзгерт!».
«Мен үшін табыс – бұл іс-қимылдың оң нәтижесі және алға қойған мақсаттарға қол жеткізу. Ең алдымен табысқа жету тарихым менің сүйікті жұмысымда» , – дейді Айгүл Әбдуахитқызы.
Сонымен қатар, іссапарлар барысында кәсіподақ ұйымының ең белсенді мүшелеріне көп жылғы адал еңбегі мен қызметтік міндеттеріне жауапкершілікпен қарағаны үшін Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар берілді.Сондай-ақ, Астана қаласы бойынша салалық кәсіподақ филиалының Атқару комитеті атынан бастауыш кәсіподақ ұйымдарына шипажайларда 20 пайыздық жеңілдікке сертификаттар және естелік сыйлықтар тапсырылды.