
Қарттарға құрмет көрсетілді
03.10.2024«Қызмет» салалық кәсіподағының ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай ұйым ардагерлері мен қызметкерлерінің қатысуымен тимбилдинг ұйымдастырылды.

«Қызмет» салалық кәсіподағының №2 әлеуметтік қызмет көрсету орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай ұйым ардагерлеріне арналып концерттік шара ұйымдастырылып, сый-сияпат табысталды.
Қобда ауданы әкімдігі мен аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылып, аудан әкімі Ізгілік Тынымгереев қарттарды құттықтап, естелік сыйлықтар табыс етті.