Жастарға тұрғын үй бөлу комиссиясының отырысы өтті
03.10.2024Облыстық филиалы төрайымы Мұхтарита Сағындықова соңғы жылдары өңірімізде жүзеге асырылып келе жатқан «Ақтөбе жастары» тұрғын үй бағдарламасына қатысушыларды іріктеу комиссиясының жұмысына қатысуда.
Бұл бағдарлама бойынша 18 бен 34 жас аралығындағы өңір жастарына 16 млнға дейін тұрғын үй алуға жылдық үстемеақысы 6 пайызбен жеңілдетілген несие беріледі. Ол үшін жергілікті бюджеттен және «Отбасы банкі» қаражатынан 1 млрд теңге қарастырылып отыр және биыл 100 жас отбасын қамту жоспарлануда.
Бағдарламаға түрлі сала жастары қатыса алады, олардың қатарында «Қызмет» салалық кәсіподағының бастауыш ұйымдарының да мүшелері бар.
Осыған орай, облыстық филиал басшылығы жеңілдетілген несиенің бөлінуі заңға сәйкес болуын қадағалау мақсатында бірнеше жыл қатарынан комиссия құрамына еніп, комиссия жұмысына белсенді қатысуда.