«ҚР Еңбек кодексі. Еңбек даулары. Ұжымдық шарт» тақырыбында оқу өткізілді
27.09.2024Қызылорда қаласында 26 қыркүйек күні «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен «ҚР Еңбек кодексі. Еңбек даулары. Ұжымдық шарт» тақырыбында семинар оқу өткізілді. Оқу қаланың сол жақ жағалауында орналасқан Жастар орталығында өтті. Оқуға жеке еңбек дауын шешу жөніндегі келісу комиссиясының құрамындағы кәсіподақ өкілдері, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты. Яғни аудандық бөлімдер мен ауылдық округі әкімі аппараттарының қызметкерлері, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қызметкерлері қамтылды.
Облыстық филиалдың төраға орынбасары әрі заңгері Кеңес Махамбетов семинарға қатысушыларға ҚР Еңбек кодексіндегі өзгерістер мен толықтырулар туралы, ҚР Кәсіподақтар туралы Заңы, келісу комиссиясы, еңбек даулары және оларды шешу жолдары, ұжымдық шарт туралы слайд материалдарын көрсете отырып түсіндірді. Оқуға қатысушылар сұрақтарына жауаптар алып, пікір алмасты.
Сонымен қатар семинарға қатысушылар Қызылорда қаласының тарихи мұражайында болып, көрмелермен, зал экспозициясымен танысып, қала тарихы жайында мағлұматтар алды.