Хромтау ауданы әкімдігімен меморандумға қол қойылды

Хромтау ауданы әкімдігімен меморандумға қол қойылды

27.09.2024 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағының Хромтау аудандық кәсіподақ комитетінің конференциясында «Қызмет» салалық кәсіподағы облыстық филиалы мен ауданы әкімдігі өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды.

Хромтау ауданы облыстық филиалдың белсенді әлеуметтік серіктестерінің бірі болып табылады, аудан басшылығы облыстық филиалдың бастамаларын әрдайым қолдап, жан-жақты көмек көрсетіп келеді. Екі тарап бұдан әрі де екіжақты белсенді жұмыс жасауды жалғастыратындықтарын білдірді.