
Мәртөк ауданында кәсіподақ конференциясы өтті
25.09.2024«Қызмет» салалық кәсіподағының Мәртөк аудандық кәсіподақ комитетінің конференциясы өтті.
Конференция жұмысына облыстық филиал төрайымы Мұхтарита Сағындықова мен аудан әкімі Медет Ысқақов қатысты.


Конференцияда аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Динара Иманиязова және тексеру комиссиясы аудандық комитеттің 2019-2024 жылдар аралығында атқарған жұмысы туралы есеп берді.


Бұдан өзге, конференцияда аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасына сайлау өтті және аудан әкімдігі мен «Қызмет» салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалы арасында өзара ынтымақтасық туралы меморандумға қол қойылды.