Қармақшыда кездесу жиыны өтті

Қармақшыда кездесу жиыны өтті

24.09.2024 Off By Администрация сайта

2024 жылдың 20 қыркүйек күні «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық  қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен Қармақшы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Қармашы ауданы әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелер, кент, ауылдық округі әкімі аппараттары, бөлімдер басшыларымен, қызметкерлерімен кездесу өтті. Барлығы 31 адам, оның ішінде онлайн форматта 14 адам, кент, ауылдық округі әкімдері қатысты.

Кездесуді аудан әкімі аппаратының басшысы Диас Молдабаев ашып, жүргізді. Жиын барысында салалық кәсіподақтың облыстық филиалының төрайымы Сәуле Тұрсынбаева салалық кәсіподақтың қызметі, Облыстық кәсіподақтың 2023 -2024 жылдары атқарған жұмыстарымен, кәсіподақ тарапынан берілетін жеңілдіктер мен  көмектерге, кәсіподақ мүшелерін сауықтыру жұмыстарына тоқталып, таныстырып өтті. Қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.

Кездесуде Қармақшы аудандық мәслихат аппаратының қызметкері Ниязова Жұмагүл Қабиқызы Облыстық салалық кәсіподақтың құрмет грамотасымен марапатталып, арнайы сыйлығы табысталды.