Мереке қарсаңында мемлекеттік қызметкерлер марапатталды

Мереке қарсаңында мемлекеттік қызметкерлер марапатталды

23.09.2024 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов «Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағының мүшелік ұйымы – Шымкент қаласының Абай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік мекемесінің кәсіподақ мүшелерімен кездесу өткізіп, қал-жағдайларымен танысты.

Кездесуден кейін өткен қорытынды жиында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы аппарат қызметкерлерін алда келе жатқан «10 қазан – Қазақстан кәсіптік одақтары күні» мерекесімен құттықтап, бірқатар кәсіподақ мүшелеріне кәсіподақ наградаларын табыстады.

Атап айтқанда, аудан әкімі аппаратының бөлім басшысы Тұқышбаева Меруерт Ералықызы «Еңбек озаты» төс белгілерімен, бас инспекторы Әділбай Нұржамал Жахангерқызы «Құрмет Грамоталарымен», сондай-ақ бас маманы Қуандық Айдар Ерханұлы, әдіскері Өтебай Жансая Бақытжанқызы және инспекторы Төлеген Жанна Серікқызы «Алғыс хаттармен» марапатталды.