Мереке қарсаңында жұмыскерлерге құрмет көрсетілді

Мереке қарсаңында жұмыскерлерге құрмет көрсетілді

23.09.2024 Off By Администрация сайта

«Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағының мүшелік ұйымы – Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының «Әл-Фараби» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов пен мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Талғат Алдасаев ұжым мүшелерімен кездесу өткізіп, қал-жағдайларымен танысты.
Жиын қорытындысында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы мекеме жұмыскерлерін алда келе жатқан «10 қазан – Қазақстан кәсіптік одақтары күні» мерекесімен құттықтап, жұмыскерлердің еңбегін елеп, бірқатар кәсіподақ мүшелеріне кәсіподақ наградаларын табыстады.

Атап айтқанда, мекеменің бөлім басшысы Кыдырбаев Мухтар Еркинбекович «Еңбек озаты» төс белгісімен, мекеменің маманы Маулен Ораз Асхатұлы және мекеменің экономисті Еспаева Айгерім Әсілханқызы «Құрмет Грамоталарымен», сондай-ақ мекеменің жұмысшылары Жандарбекова Ұлбала Естемесқызы және Күзенбаева Ұлбала Аманқарақызы «Алғыс хаттармен» марапатталды.
Кездесу соңында мекеме басшысының орынбасары Талғат Қолдасұлы «Қызмет» салалық кәсіподағының атына алғысын білдіріп, алдағы істеріне сәттілік тіледі.