Мереке қарсаңында әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Мереке қарсаңында әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

20.09.2024 Off By Администрация сайта

«Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағының мүшелік ұйымы – Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов пен мекеме басшысы Нұрғали Ешенқұловпен бірге мекеменің кәсіподақ мүшелерімен кездесу өткізіп, қал-жағдайларымен танысты.

Кездесу қорытындысында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы мекеме қызметкерлерін алда келе жатқан «10 қазан – Қазақстан кәсіптік одақтары күні» мерекесімен құттықтап, бірқатар белсенді кәсіподақ мүшелеріне кәсіподақ наградаларын табыстады.

Атап айтқанда, әкімшілік-шарушылық жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Әсетова Әсел Әсетқызы «Еңбек озаты» төс белгісімен, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Джаббаркулов Сергей Батырович «Құрмет Грамотасымен» және мейірбике Кемелбекова Кулжан Оналбековна «Алғыс хатпен» марапатталды.
Жиын соңында орталықтың директоры Нұрғали Илгербайұлы «Қызмет» салалық кәсіподағының атына шынайы алғысын айтып, алдағы істеріне сәттілік тіледі.