Қарғалы ауданында кәсіподақ конференциясы өтті

Қарғалы ауданында кәсіподақ конференциясы өтті

17.09.2024 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағының Қарғалы аудандық кәсіподақ комитетінің конференциясы өтті.
Конференция жұмысына облыстық филиал төрайымы Мұхтарита Сағындықова мен аудан әкімі Нұрлыбек Өнербаев қатысты.
Конференцияда аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Райхан Рахимова және тексеру комиссиясы аудандық комитеттің 2019-2024 жылдар аралығында атқарған жұмысы туралы есеп берді.

Бұдан өзге, конференцияда аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасына сайлау өтті және аудан әкімдігі мен «Қызмет» салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалы арасында өзара ынтымақтасық туралы меморандумға қол қойылды.