Облыстық филиал Қарғалы ауданы әкімдігімен келісімге қол қойды
17.09.2024«Қызмет» салалық кәсіподағының Қарғалы аудандық кәсіподақ комитетінің конференциясында «Қызмет» салалық кәсіподағы облыстық филиал төрайымы Мұхтарита Сағындықова мен ауданы әкімі Нұрлыбек Өнербаев өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды.
Қарғалы ауданы облыстық филиалдың белсенді әлеуметтік серіктестерінің бірі болып табылады, аудан басшылығы облыстық филиалдың бастамаларын әрдайым қолдап, жан-жақты көмек көрсетіп келеді. Екі тарап бұдан әрі де екіжақты белсенді жұмыс жасауды жалғастыратындықтарын білдірді.