«Қызмет» салалық кәсіподағының XII съезіне дайындық жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті

«Қызмет» салалық кәсіподағының XII съезіне дайындық жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті

16.09.2024 Off By Администрация сайта


Бүгін, 2024 жылғы 16 қыркүйекте «Қызмет» салалық кәсіподағының XII съезіне дайындық және оны өткізу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.

Күн тәртібіне сәйкес өңірлерде «Қызмет» салалық кәсіподағының есептік-сайлау конференцияларын өткізу, салалық кәсіподақтың кезекті XII съезіне делегаттар саны және т. б. мәселелер қаралды.

Мәселелерді талқылауға кіріскен Салалық кәсіподақ төрағасы Мирболат Жақыпов қатысушылардың назарын күн тәртібіне маңызды мәселелер мен міндеттер қойылғанына аударды.

Үстіміздегі жылдың тамыз айынан бастап өңірлерде мүше ұйымдардағы есеп беру-сайлау науқаны басталды. Мирболат Жақыпов «Қызмет» салалық кәсіподағының есеп беру-сайлау конференцияларының кестесімен таныстырды.

Сондай-ақ, жұмыс тобының мүшелері Салалық кәсіподақтың кезекті XII съезіне делегаттар квотасы мәселесін қарастырды.

Қатысушылар Салалық кәсіподақ басшылығына өз ұсыныстарын айтты, сондай-ақ түрлі ұйымдастыру мәселелері бойынша шешімдер қабылданды.

Отырыс жұмысын аяқтай отырып, Мирболат Жақыпов жұмыс тобының мүшелеріне күн тәртібіне қойылған мәселелерді мүдделі талқылағаны үшін алғыс айтып, күн тәртібіне шығарылған барлық іс-шаралар мен мәселелер толық көлемде және белгіленген мерзімде орындалуы тиіс екендігін атап өтті.