Қобда ауданында кәсіподақ конференциясы өтті
16.09.2024Өңіріміздің аудандарында жүріп жатқан есеп беру-сайлау науқаны аясында Қобда ауданында «Қызмет» салалық кәсіподағының аудандық кәсіподақ комитетінің конференциясы өтіп, оған облыстық филиал төрайымы Мұхтарита Сағындықова мен Қобда ауданының әкімі Ізгілік Тынымгереев қатысты.
Конференцияда аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Мария Құстұртова және тексеру комиссиясы аудандық комитеттің 2019-2024 жылдар аралығында атқарған жұмысы туралы есеп берді.
Бұдан өзге, конференцияда аудандық кәсіподақ комитетінің жаңа төрағасы сайланды және аудан әкімдігі мен «Қызмет» салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалы арасында өзара ынтымақтасық туралы меморандумға қол қойылды.
Конференция соңында ауданда ұзақ жылдардан бері кәсіподақ комитетінің төрағасы болған Мария Нұрлыахметқызына «Мемлекеттік қызметтің дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі табысталды.