Ойыл ауданы әкімдігімен өзара әріптестікке қол жеткізілді
16.09.2024«Қызмет» салалық кәсіподағының Ойыл аудандық кәсіподақ комитетінің конференциясында «Қызмет» салалық кәсіподағы облыстық филиал төрайымы Мұхтарита Сағындықова мен ауданы әкімі Асқар Қазыбаев өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды.
Ойыл ауданы облыстық филиалдың белсенді әлеуметтік серіктестерінің бірі болып табылады, аудан басшылығы облыстық филиалдың бастамаларын әрдайым қолдап, жан-жақты көмек көрсетіп келеді. Екі тарап бұдан әрі де екіжақты белсенді жұмыс жасауды жалғастыратындықтарын білдірді.