Мұғалжар аудандық кәсіподақ комитетінің конференциясы өтті
16.09.2024Мұғалжар ауданында «Қызмет» салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы Мұхтарита Сағындықова мен Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағанбетовтің қатысуымен аудандық кәсіподақ комитетінің конференциясы өтті.
Конференцияға салалық кәсіподаққа мүше аудандық мекемелердің басшылары мен қызметкерлері қатысты. Жалпы Мұғалжар ауданында салалық кәсіподақтың 25 бастауыш ұйымы жұмыс жасайды, онда барлығы 381 мүше бар.
Конференцияда аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Төлеулі Махимов аудандық комитеттің 2019-2024 жылдар аралығында атқарған жұмысы туралы есеп беріп, есепті талқылау нәтижесімен аудандық кәсіподақ комитетінің жұмысына оң баға берілді.
Сонымен қатар, биылғы жылы облыс көлемінде салалық кәсіподаққа қарасты ұйымдарда сайлау-есеп беру науқаны жүруіне орай конференцияда аудандық кәсіподақ комитетінің жаңа төрағасы сайланды және аудан әкімдігі мен «Қызмет» салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалы арасында өзара ынтымақтасық туралы меморандумға қол қойылды.