«Кәсіподақтар күні» мерекесінің қарсаңындағы марапаттау

«Кәсіподақтар күні» мерекесінің қарсаңындағы марапаттау

16.09.2024 Off By Администрация сайта

«Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағының мүшелік ұйымы – Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы мемлекеттік мекемесінің кәсіподақ мүшелерімен кездесу өткізілді.

Кездесуде «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы мен басқарманың басшысы Ахметов Ұлан Қуандықұлы мекеменің кәсіподақ мүшелерінің қал-жағдайларымен танысып, қорытынды жиында қызметкерлерді алда келе жатқан 10 қазан – «Қазақстан кәсіптік одақтары күні» мерекесімен құттықтап, мекеменің бірқатар белсенді қызметкерлеріне кәсіподақ наградаларын табыстады.
Атап айтқанда, Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасарлары Қыдыралиев Нұрсұлтан Базарбекұлы және Жүнісбаев Асхат Қабұлұлы «Еңбек озаты» төс белгілерімен марапатталды.