Алға аудандық кәсіподақ комитетінің конференциясы өтті

Алға аудандық кәсіподақ комитетінің конференциясы өтті

16.09.2024 Off By Администрация сайта

Алға ауданында «Қызмет» салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы Мұхтарита Сағындықова мен Алға ауданы әкімінің орынбасары Болатбек Кангужиннің қатысуымен аудандық кәсіподақ комитетінің конференциясы өтті.
Конференцияға салалық кәсіподаққа мүше аудандық мекемелердің басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Жалпы Алға ауданында салалық кәсіподақтың 24 бастауыш ұйымы жұмыс жасайды, онда барлығы 289 мүше бар.
Конференцияда аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ерлан Тлеумуратов аудандық комитеттің 2019-2024 жылдар аралығында атқарған жұмысы туралы есеп беріп, есепті талқылау нәтижесімен аудандық кәсіподақ комитетінің жұмысына оң баға берілді.

Сонымен қатар, биылғы жылы облыс көлемінде салалық кәсіподаққа қарасты ұйымдарда сайлау-есеп беру науқаны жүруіне орай конференцияда аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасына сайлау өтіп, Ерлан Тлеумуратов қайта сайланды және аудан әкімдігі мен «Қызмет» салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалы арасында өзара ынтымақтасық туралы меморандумға қол қойылды.