«Кәсіподақтар күні» мерекесінің қарсаңындағы марапаттаулар басталды

«Кәсіподақтар күні» мерекесінің қарсаңындағы марапаттаулар басталды

13.09.2024 Off By Администрация сайта

«Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағының мүшелік ұйымы – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесінің кәсіподақ мүшелерімен кездесу өткізілді.
Кездесуде «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов және Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы Әбдібақыт Тілләбайұлы Мақұлбаевпен бірге ұжымдағы кәсіподақ мүшелерінің қал-жағдайларымен танысып, қорытынды жиында қызметкерлерді алда келе жатқан 10 қазан – «Қазақстан кәсіптік одақтары күні» мерекесімен құттықтап, мекеменің бірқатар белсенді қызметкерлеріне кәсіподақ наградаларын табыстады.

Атап айтқанда, мекеменің жүргізушісі Байтенов Қадырбай Бейсебекұлы «Еңбек озаты» төс белгісімен, бас маман-мемлекеттік инспекторлары Темірбекова Фариза Хасенқызы «Құрмет Грамотасымен» және Қожымбетова Күлзира Әділбайқызы «Алғыс хатпен» марапатталды.
Жиын соңында мекеменің басшысы Әбдібақыт Тілләбайұлы әлеуметтік әріптес ретінде және ұжым мүшелерінің атынан «Қызмет» салалық кәсіподағының қарқынды дамып, көп жетістіктерге жетіп, қатарындағы кәсіподақ мүшелеріне ерекше қамқор болып жүргенін атап өтіп, кәсіподақ қозғалысының дами беруіне тілектестік білдірді.