Жақсылық жаса!
12.09.2024
Өмірлік қиын жағдайларда кәсіподақ өз мүшелеріне қолдау көрсетіп, әрдайым қол ұшын созатыны баршаға белгілі.
«Жақсылық жаса» жоспарлы акциясы аясында ҚР Көлік министрлігі мен ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің «Serpin» бастауыш кәсіподақ ұйымы екі кәсіподақ мүшесінің әрқайсысына балаларды емдеуге 100 000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті.
Және кәсіподақ ұйымының 16 мүшесі бір қызметкерге өз қаражаты есебінен көмек көрсеткісі келеді.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, ұйым өзінің бірлігі және тұтастығымен мықты!