Қатарымыз  көбеюде!

Қатарымыз көбеюде!

11.09.2024 Off By Администрация сайта

Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№ 6 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ашылды. Мекемедегі 177 қызметкерлер бір мезгілде 200 оңалтуды қажет ететін жандарға қызмет көрсетеді. «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ-нің Түркістан облыстық филиалының төрйымы Есебаева Күлдар Аралбекқызы арнайы кездесіп, мекеменің ашылумен, жаңа жұмыс орындарының ашылуымен құттықтап, «ҚР Еңбек кодексі», «ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» заңдарының талаптары, ұжымдық шарт түзудің мақсаттары туралы түсіндірді.

Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігін сақтау мәселелері туралы, сондай-ақ еңбек қатынастары бойынша әдістемелік және құқықтық көмек көрсету жұмыстары жайлы айтылып, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Кездесу барысында мекеменің директоры Сауртаева Гүлнұр Баялықызы қолдау көрсетіп, бастауыш кәсіподақ ұйымын құру туралы ұсыныс жасады.

Жиын барысында мекемеде бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылып, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы болып Өмешбаева Жазира Бақытжанқызы сайланды. Қиында, қызықты, сауабы мол қызметтеріңізге сәттілік тілейміз!