«Мектепке жол» акциясы аясында көмек көрсетілді
03.09.2024Жыл сайын дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы атқарылар игі шаралардың бірі. Акция аясында биыл да «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалына қарасты кәсіподақ ұйымдары тыс қалмай, белсенді түрде өткізді.
Филиалға қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымдары 584000 теңге қаржыға барлығы 43 балаға (оның ішінде кәсіподақ мүшелерінің балалары, аз қамтылған отбасының балалары) кеңсе тауарлары, қажетті құралдары т.б. алынды.
Атап айтар болсақ, №2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының кәсіподақ ұйымы 17 кәсіподақ мүшесінің балаларына, Мүгедектерге арналған оңалту орталығының кәсіподақ ұйымы көп балалы 6 кәсіподақ мүшелерінің балаларына, №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы 6 балаға қаржылай сыйлықты табыстады.
Сондай-ақ ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің кәсіподақ ұйымы 84000 теңге қаржыға 8 кәсіподақ мүшелерінің 1 сыныпқа баратын балаларына оқу құрал-жабдықтарын алып табысталса, Қазалы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің кәсіподақ ұйымы кәсіподақ мүшесінің 1 баласына қажетті құралдарын алуға 30000 теңге және аз қамтылған екі отбасыға 60000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті. Інкардария ауылдық округі әкімі аппаратының, Майдакөл ауылдық округі әкімі аппаратынығ кәсіподақ ұйымдары аз қамтылған отбасылардың балаларына оқу құрал-жабдықтарын, мектеп формасын сатып алуға 20000 – 50000 теңгеден қаржылай көмек көрсетті.