30 тамыз Қазақстан Республикасы Конституциясы күні қарсаңында мемлекеттік қызметшілер ант қабылдады
29.08.2024Ата Заң-бүгінгі қоғамымыздың алтын таразысы, тұрақтылықтың тірек қазығы, әділеттіліктің қорғаушысы. Осы еліміздің ерекше мерекесі қарсаңында Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратында салтанатты шара өткізіліп, мемлекеттік қызметшілер ант қабылдады.
“Қызмет” Салалық кәсіподағы Алматы қаласы бойынша төрайымы Д.Айнақұлова бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерін келе жатқан мерекемен құттықтап,
Салалық кәсіподақтың жан жақты жұмыстары жайлы ақпаратпен бөлісті. Сондай ақ бірқатар белсенді мүшелерге “Қызмет” Салалық кәсіподағының марапаттары табысталды.