
Әлеуметтік саланың қызметкерлері марапатталды
29.08.2024«Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы – Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Аялы алақан» «№5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кәсіподақ мүшелерімен кездесу өткізіліп, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы аталған орталықтың кәсіподақ мүшелерінің қал-жағдайларымен танысып, қорытынды жиында кәсіподақ мүшелерін «30 тамыз – ҚР Конституция күнімен» құттықтап, мекеменің бірқатар белсенді қызметкерлеріне кәсіподақ наградаларын табыстады.
Атап айтқанда, «Алғыс хаттармен» орталықтың санитар – тазалаушысы Сарыпбекова Турсын Ақылбекқызы, еңбек нұсқаушысы Бейсебай Қыздархан Көшенқызы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы Баймурзаева Забира Махамбеталиқызы, тәрбиешісі Беркінбаева Жанар Тұрсынбайқызы, дефектологы Абуова Ұлжан Меркулқызы, аға медбикесі Салыбекова Макпал Жақыпбекқызы марапатталды.
