Көпбалалы отбасының балалары оқу құралдарымен қамтылды

Көпбалалы отбасының балалары оқу құралдарымен қамтылды

29.08.2024 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымдары – құрамында 276 кәсіподақ мүшесі бар Шымкент қаласының Тұран ауданы әкімі аппаратының «Тұран» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және құрамында 216 кәсіподақ мүшесі бар Абай ауданы әкімі аппаратының «Абай» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының ұйымдастыруымен кәсіподақ жарнасының есебінен кәсіподақ мүшелерінің балаларына арнап, 50 көпбалалы отбасының балаларына мектеп оқу құралдарын алған және өз таңдауларымен алу үшін 10 көпбалалы отбасына нақтылай ақшамен берген.

Атап айтқанда, «Тұран» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымы 50 көпбалалы отбасыға 1 млн. 250 мың теңгеге мектеп оқу кұралдарын алып берсе, ал «Абай» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымы 10 көпбалалы отбасыға нақтылай ақшамен әр отбасына 30,0 мың теңгеден жалпы 300,0 мың теңге нақтылай ақшамен тапсырды.
Аталған мекемелердің кәсіподақтары тарапынан жалпы 60 көпбалалы отбасына 1 млн. 550,0 мың теңгенің көмегін берді.